Басты жаңалықтар

ЕРЕКШЕ СӘТ: 18 жасқа толған кентаулық түлек тұңғыш рет дауыс берді

Кентау қаласындағы «Грант» мектебінің түлегі Селма Абдикарим 2008 жылғы 23 тамызда дүниеге келген. Бүгін жас азаматша 18 жасқа толып, елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс берді.

Бұл күн Селма үшін өте ерекше әрі есте қаларлық сәт болды. Өйткені туған күнімен қатар келген маңызды саяси науқанда ол өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағы үшін алғашқы таңдауын жасады. Жас буынның осындай саяси белсенділігі мен жауапкершілігі өзгелерге де үлгі болары сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button