Басты жаңалықтар
ТҮРКІСТАНДА КУРЬЕР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ УАҚЫТ ТАПТЫ

Түркістан қаласында Құрылтай сайлауына келіп дауыс берген курьердің бейнесі көпшілік назарын аударды. Тапсырыстарын жеткізіп, тығыз кестемен жұмыс істейтін азамат сайлау учаскесіне арнайы аялдап, азаматтық борышын орындады.
Үстінде жұмыс киімі, арқасында үлкен термосөмкесі мен қолында телефоны бар ол дауыс беруге асыққан сәтін көрсетті. Курьерлік қызметте уақыттың әр минуты маңызды болғанына қарамастан, ол маңызды науқаннан қалыс қалмады. Бұл әрекет еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің үйлесім тапқанын айқын аңғартады. Бүгінде қаладағы түрлі салада еңбек етіп жүрген тұрғындар белсенділік танытып жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 68 сайлау учаскесі (66 ашық, 2 жабық) жұмыс істейді. Қала бойынша 136 602 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.



