Басты жаңалықтар
БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ: Сарыағаш ауданында этнос өкілдері өз таңдауын жасады

Қазақстанда түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгін Сарыағаш ауданындағы сайлау учаскелерінің біріне келген өзге ұлт өкілдері Құрылтай сайлауына қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын білдірді.
Ел болашағы үшін маңызды науқанға бір кісідей атсалысқан тұрғындар өңірдегі достық пен тұтастықтың үлгісін көрсетті. Татулық пен бірлік — әрқашан еліміздің ең басты құндылықтарының бірі болып қала бермек. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!



