Басты жаңалықтар

Түркістандағы өрттен соң дәмхана мен мейрамханаларға тексеріс күшейді

Түркістан қаласында соңғы күндері тіркелген өрт оқиғаларынан кейін кәсіпкерлік нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Арнайы жұмыс тобы мейрамханалар мен дәмханаларда рейдтік-зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған Жаңа қала аумағындағы кәуап дайындайтын орталықта болған өрт оқиғасы негіз болған. Осы жағдайдан кейін қала әкімінің орынбасары Айдос Тоғызбаевтың жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы жасақталды. Оның құрамына төтенше жағдайлар органдарының, газ инспекциясының және жауапты сектор мамандары енгізілді.

Зерделеу барысында қоғамдық тамақтану орындарындағы газ жабдықтарының техникалық жай-күйі, оларды пайдалану тәртібі және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы тексерілуде.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, қауіпсіздік ережелерін сақтау және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмхананың асүйінен өрт шығып, жалын мұржаға тараған болатын. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті дер кезінде ауыздықтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button