Басты жаңалықтар
Ордабасыда 9 миллиард теңгеге мал сүйегін өңдейтін зауыт ашылды

Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Темірлан елді мекенінде ірі қара мал сүйегінен май және пептон, желатин компоненттерін өндіретін заманауи зауыт пайдалануға берілді.
Келешекте 100 жаңа жұмыс орнын ашатын бұл жобаға «Huating Biotechnology Co., LTD» ЖШС тарапынан 9 миллиард теңге инвестиция бағытталған.
Кәсіпорынға «Түркістан» ӘКК арқылы 10 гектар жер учаскесі бөлінді. Бүгінгі таңда жобаның алғашқы кезеңіне 2,5 млрд теңге жұмсалып, құрылыс-монтаждау және құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды:
-
Жобалық қуаттылығы: Жылына 5 мың тонна дайын өнім шығару.
-
Басты өнім: Биотехнология, микробиология және фармацевтика саласында кеңінен қолданылатын пептон компоненттері.
-
Келесі кезең: Алдағы уақытта кәсіпорын тері өңдеу мен желатин өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Саланатты жиынға қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров Республика күні қарсаңында ашылған өндіріс орнының маңыздылығына тоқталды. Өңір басшысы мал шаруашылығы шикізатын терең өңдеу арқылы қосымша экономикалық құндылық қалыптастыру — Президент тапсырмасына сай басты басымдық екенін атап өтті.
Сондай-ақ «Tangshan Huating Porcelain Co., LTD» компаниясының бас директоры Чжао Сюйдун облыс әкімдігіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, зауыттың келешектегі өндірістік жоспарларымен бөлісті.



