Басты жаңалықтар

60 мыңнан астам адам: Қазақстанда экологиялық волонтерлік қарқынды түрде дамып келеді

Елімізде экологиялық волонтерлік бағыты кең етек жайып келеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл салаға атсалысып жүргендердің қатары жыл санап артып отыр.

Атап айтқанда, егер 2024 жылы бұл жұмыстарға 40 мыңнан астам адам қатысса, 2025 жылы көрсеткіш 60 мыңнан асқан.

Эко-бағыттағы ауқымды жұмыстар мен көрсеткіштер:

• Гранттық жобалар: Министрліктің қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Green Steppe: Әр қадамыңда экосаналылық» жобасы жүзеге асырылуда.

• Оқыту мен сараптама: Жоба аясында ел өңірлерінен 300-ден астам адамның қатысуымен вебинарлар өтіп, арнайы бағдарламаны мыңға жуық экобелсенді меңгеріп шықты.

• Ағымдағы көрсеткіштер: 2026 жылдың басынан бері түрлі іс-шараларға 2 мыңнан астам волонтер атсалысты. Сондай-ақ 10 тапсырмадан тұратын «10 жасыл күн» эко-челленджіне 2 мыңнан астам адам қатысты.

Биылғы жылы елдегі эковолонтерліктің даму деңгейін терең талдауға арналған «Қазақстандағы эковолонтерлік – 2026» арнайы зерттеуін жүргізу де жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button