Басты жаңалықтар

Октябрь Жарылқаповтың есімі ұлықталып, волейбол бәсекесі басталды

Түркістанда Республика күні мен Қала күніне орай волейболдан мектеп бітіруші түлектер арасындағы республикалық ашық турнир басталды.

Жарыс КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Орта Азия мен Қазақстанның волейболдан тұңғыш спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған.

Турнирге еліміздің әр өңірінен 6 команда, 100-ге жуық жас спортшы қатысып жатыр. Ашылу салтанатына қала әкімдігі бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев, Халықаралық туризм және меймандостық университеті ректорының міндетін атқарушы Бекежан Мырзаев, спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар қатысты.

Жарыс жастардың волейболға қызығушылығын арттырып, спорттық шеберлігін шыңдауға және қазақ волейболының көрнекті өкілі Октябрь Жарылқаповтың есімін ұлықтауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button