«Ауыл аманатының» жемісі: Шолаққорғанда ірі кәсіпорындарға арналған өндіріс іске қосылды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылындағы «Sozaq Group» ЖШС-нің өндірістік цехын аралап, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Жаңа өндіріс орны 2026 жылы іске қосылып, жобаға 250 млн теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 34 млн теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда бұл кәсіпорында 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өндіріс қуаттылығы мен өнім түрлері:
Кәсіпорын негізінен аудандағы ірі тау-кен кәсіпорындарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, цех жылына төмендегідей өнім шығаруға қауқарлы:
-
Тұрмыстық қолғаптар: 876 мың дана
-
Арнайы киімдер: 25 мың дана
-
Жұмыс шұлықтары: 25 мың жұп
-
Жұмыс киімдері: 10 мың дана
-
Арнайы жамылғылар: 5 мың дана
Нысанды аралау барысында өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыруды, өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстауды және халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған өзге де жобалармен танысып, кәсіпкерлермен жүздесті.



