Созақтағы жаңа цех жергілікті кәсіпорындарды арнайы киім мен қолғаппен қамтамасыз ете бастады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылындағы өндірістік цехтің жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын өңірдегі ірі тау-кен компанияларын қажетті өнімдермен қамтіп отыр.
Жобаның негізгі көрсеткіштері:
• Кәсіпорын 2026 жылы құрылып, оған 250 млн теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 34 млн теңге бөлінді.
• Зауыт жылына 876 мың дана тұрмыстық қолғап, 25 мың дана арнайы киім, 25 мың жұп шұлық, 10 мың дана жұмыс киімі және 5 мың дана арнайы жамылғы шығаруға қауқарлы.
• Қазіргі таңда кәсіпорында 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өңір басшысы өндіріс орнын аралау барысында кәсіпорынның әлеуетін арттырып, өнім сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ сапар барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар талқыланды.



