Басты жаңалықтар

Әлемдік деңгейдегі кино: Түркістанда Тайқазан туралы ауқымды фильм түсіріледі

Халықаралық дәрежедегі танымал режиссер Сергей Дворцевой Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі әйгілі Тайқазанның тарихына арналған кең форматты көркем фильм түсіруге кірісті. Жобаны дайындау барысында режиссер бір жылдан астам уақыт бойы Орталық Азия, Иран және Ресейдің (Эрмитаж) архивтерін зерттеп, тарихшылар мен археологтардың кеңесіне жүгінген.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров режиссермен кездесіп, жобаның барысымен танысты. Басты түсірілім жұмыстары Тайқазан құйылған тарихи Карнак ауылында өтеді. Әкімдік фильм аяқталған соң тұрғызылған ауқымды декорацияларды сақтап қалып, оларды өңірдің жаңа туристік нысанына айналдыруды жоспарлап отыр.

Кино туындысы арқылы режиссер сол дәуірдің атмосферасын және көне металл өңдеу технологиясын экранда барынша дәл әрі шынайы қайта жаңғыртуды көздейді. Қазіргі таңда отандық және шетелдік кинематографистердің қатысуымен кастинг өтіп, алғашқы сынақ түсірілімдері сәтті аяқталды.

Заманауи киноиндустрияның озық технологиялары қолданылатын негізгі түсірілім жұмыстары 2027 жылы басталады. Бұл жоба Түркістанның бай тарихи мұрасын әлемдік аудиторияға таныстырудың жаңа бұрышына айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button