Басты жаңалықтар

Қазақстанда көлік көбейді: бір айда 166 мыңнан астамы есепке қойылды

Тамыз айында Қазақстанда 166 547 автокөлік есепке қойылды. Оның басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрады — жалпы тіркелген көліктің 87,5 пайызы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі тіркелген көліктердің жалпы саны 6,0887 миллионға жеткен.

Оның ішінде 5,1054 миллион — жеңіл автомобиль, 496,1 мың — жүк көлігі. Бұдан бөлек, 263,9 мың тіркеме, 89,5 мың автобус пен шағын автобус және 75 мың мотоцикл тіркелген.

Тамызда қандай көліктер көп тіркелді?

Бір айда есепке қойылған көліктердің 5,6 пайызы жүк көлігі болса, 2,6 пайызы — тіркеме. Автобус пен шағын автобустардың үлесі 0,8 пайыз, мотоциклдердікі 0,7 пайыз болды.

Тамызда тіркелген жеңіл автомобильдердің жасына қатысты көрсеткіште 20 жылдан асқан көліктер алдыңғы орында. Олардың үлесі 28 пайызды, яғни 46 610 көлікті құрады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button