Басты жаңалықтар

Сауран ауданында енді арақ сатылмайды

Ауылды ішімдіктен арылтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалар ел арасында кеңінен қолдау табуда.
Осындай мақсатта Сауран ауданына қарасты Ескі Сауран ауылдық округінде «Арақсыз ауыл» бастамасы аясында тұрғындармен арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан басшылығы, ақсақалдар алқасы және ауыл тұрғындары қатысып, елді мекендегі өзекті мәселелерді талқылады.
Жиында салауатты қоғам құру, зиянды әдеттердің отбасы мен денсаулыққа тигізер кесірі, сондай-ақ жастардың тәрбиесі мен қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыптары сөз болды. Аудан басшылығы мен ақсақалдар алқасының өкілдері тұрғындардың бұл бастаманы қолдауы маңызды екенін атап өтіп, елді мекендегі оң өзгерістер мен тыныштық тек ортақ ұстаным мен бірлік арқылы болатынын жеткізді. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да салауатты өмір салтын насихаттайтын бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button