Басты жаңалықтар

Суды сағатпен ішу аяқталды: Түркістанда 106 мың тұрғын 24/7 таза суға көшеді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірдегі суды кестемен ішіп келген 10 ауыл мен тозығы жеткен 7 елді мекеннің инфрақұрылымын жаңартуды тапсырды. Жыл соңына дейін 11 нысан іске қосылып, 106 мыңнан астам тұрғын 24/7 режимінде таза сумен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, ауыз су жүйелерін жаңғырту ұлттық жоба аясында су есептегіш құралдарды орнату, яғни жүйені толық аспаптандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірдегі 17 коммуналдық мекеме ұсынатын орташа су тарифі текше метріне 136,90 теңгені құрайды.

Жаңа есептегіштерді орнату су шығынын текше метріне дейін бақылауға, ысырапты азайтуға және халықтың нақты тұтынған суы үшін ғана төлеуіне мүмкіндік береді, ал барлық құрылыс сапасы мен жөндеу мерзімдері облыс басшылығының қатаң бақылауына алынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button