Басты жаңалықтар

Қай мамандықтарға грант көп бөлінді?

Түркістан облысы колледждеріне жаңа оқу жылына 15600 мемлекеттік грант бөлінді.

Биыл техникалық және жұмысшы мамандықтарына басымдық беріліп, құжат қабылдау 29 тамызға дейін жалғасады.

2026–2027 оқу жылында Түркістан облысындағы колледждерге 15600 мемлекеттік грант бөлінді. Бұл гранттар еңбек нарығында сұраныс жоғары мамандарды даярлауға бағытталған.

Қазірдің өзінде колледждерге 24549 орынға сұраныс түскен. Оның 17042-сі аудан және қала әкімдіктерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған. Ал 5500-ден астам талапкер құжаттарын тапсырып үлгерген.

Құжат қабылдау 25 маусым мен 29 тамыз аралығында OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы жүргізіліп жатыр.

Биыл мемлекеттік гранттар нақты еңбек нарығының сұранысына қарай бөлінді. Басымдық мына мамандықтарға берілген:

  • ауыл шаруашылығы;
  • ветеринария;
  • қайта өңдеу өнеркәсібі;
  • құрылыс;
  • инженерлік инфрақұрылым;
  • ақпараттық технологиялар;
  • денсаулық сақтау;
  • туризм;
  • қызмет көрсету саласы.

Өткен жылы Түркістан облысы колледждерін 12 619 түлек бітірген. Соның 81 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімдігі жаңа оқу жылында бөлінген гранттар сапалы маман даярлауға, қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруға және түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуын арттыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button