
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен қос бұрымды ел қоржынына қос медаль салды.
Атап айтқанда, 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Шұғыла Нәлібай қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Ал 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарыстың күміс жүлдесін иеленді.

Жеңімпаз аруларды дүбірлі додаға білікті бапкерлер Болат Беласаров пен Шыңғыс Демеуов дайындаған. Айта кетейік, қос жүлдегер де — «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.



