Басты жаңалықтар

Ел үздіктері Түркістанда

Түркістан қаласында алғаш рет 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың салтанатты ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті әрі бас хатшысы Мадина Астамирова, мемлекеттік жаттықтырушы Асқар Кадиров және облыстық федерация президенті Алмасхан Жамбаев қатысты.


Байрақты бәсекеде еліміздің 13 өңірінен келген жас спортшылар бақ сынауда. Түркістан облысының намысын 13 спортшы қорғап жатыр. Қазіргі таңда жергілікті құрама 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.


4 шілдеде басталған ел чемпионаты 11 шілдеге дейін жалғасады. Жарыста жас зілтеміршілер Қазақстанның үздігі атағы үшін сынға түсуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button