Басты жаңалықтар

Туды қалай ілу керек?

Енді Қазақстан азаматтарына мемлекеттік туды өз үйінің балконына немесе терезесіне ресми түрде ілуге рұқсат берілді.

Бұл жаңалық отансүйгіш жандардың көңілінен шыққаны анық, алайда туды пайдаланудың өз жауапкершілігі мен қатаң ережелері бар.

Егер айыппұл арқалағыңыз келмесе, мына талаптарды міндетті түрде білуіңіз қажет:

Биіктік ережесі:
Жеке тұрғын үйлерде көк байрақты кемінде үш метр биіктікте ілу шарт.

Жерге тигізбеңіз: Ту ешқандай жағдайда жерге, еденге, суға немесе басқа да беттерге тиіп кетпеуі тиіс.

Оюдың орны: Егер туды тігінен ілетін болсаңыз, ұлттық ою-өрнек міндетті түрде жоғарғы жағында орналасуы керек.

Сыртқы келбеті: Тудың матасы бүтін, таза, өңі кетпеген және еш жері жыртылмаған, зақымдалмаған болуы шарт.

Сонымен қатар, жаңа ережеге сай, туды көлік құралдарының ішіне де ілуге рұқсат етілген. Егер ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері туды қасбетке ілуге кедергі келтірсе, оны нысанның жанындағы бөлек ту бағанасына орнатқан жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button