Басты жаңалықтар
ЮНЕСКО Қазақстанды Домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыра күй өнерінің әлемдік мәдени мұрадағы ерекше орнын атап өтті.
Қазақстанда жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен құттықтау жолдады.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазақтың домбыра күй өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізілген.
ЮНЕСКО мәдениет жөніндегі директорының орынбасары Наиф әл-Файездің сөзінше, бұл ерекше музыкалық дәстүр халықты өзінің тарихымен, болмысымен және бір-бірімен байланыстырады.
Осылайша, домбыра тек музыкалық аспап қана емес, қазақ халқының мәдени болмысы мен рухани бірлігін айқындайтын маңызды мұра ретінде атап өтілді.



