Басты жаңалықтар
Түркістандық желкеншілердің жеңісті жолы
Түркістандық спортшылар ел чемпионатында 15 медаль жеңіп алды

Қонаев қаласында өткен желкенді спорттан Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 15 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлде бар.
Чемпион атанғандар қатарында Әлішер Чехомов, Диярбек Рүстамбеков, Заңғар Әбдірахман, Кристина Малахова, Полина Коваленко, Марк Ринк және Данил Жарков бар.
Бұл нәтиже Түркістан облысында желкенді спорттың қарқынды дамып келе жатқанын және өңір спортшыларының республикалық деңгейдегі жоғары дайындықтарын көрсетті.



