Басты жаңалықтар
34 заң бұзушылық анықталды

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық пен қоғамдық тәртіпке бақылау күшейтілді.

Арнайы мобильді топ жүргізген рейд барысында 34 құқық бұзушылық анықталып, 28 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде тәртіп бұзғандарға жалпы 547 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Рейдтер саябақтарда, демалыс орындарында, жағалау аумақтарында және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда өтті. Аудан әкімдігі мұндай тексерулер алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.



