Енді құжаттарды роботтар мен жасанды интеллект бере ме?

Қалада үйреншікті кезек пен ұзын-сонар күту парақшалары жоқ мүлдем жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО (ЦОН) өз есігін айқар ашты.
Мұнда тіпті AlemGPT жасанды интеллект сервисі де қызмет көрсетеді. Жобаның салтанатты ашылуына «Азаматтарға арналған үкіметтің» басшысы Арман Кенжеғалиев пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты.
Орталық тек заманауи дизайнмен ғана емес, өзінің тиімді аймақтарымен таңғалдырады. Құжатты 5 минутта рәсімдеу. Экспресс-аймақтағы арнайы терминалдар арқылы жеке куәлік немесе паспортқа өтінімді операторсыз-ақ, өздігіңізден бере аласыз. Жасанды интеллект көмегі. Келушілер AlemGPT сервисінің мүмкіндіктерін өз көзімен көріп, цифрлық қызметтерді онлайн алуды үйренеді. Егер мәселеңіз тым күрделі болса, арнайы сараптамалық аймақта білікті мамандар сізге жеке кеңес береді. Мұнда цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқыту аймақтары жұмыс істейді. Кезек күту шаршатпайды, өйткені келушілер үшін демалыс орны толықтай жабдықталған.

Мұндай заманауи Smart Point форматы елімізде алғаш рет Ұлытау облысында іске қосылған болатын. Енді бұл озық технология Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен көне шаһар тұрғындарының да игілігіне айналып отыр.
Бұл қадам Түркістанды нағыз «ақылды қалаға» (Smart City) айналдырудың маңызды кезеңі болмақ. Енді мемлекеттік қызмет алу жылдам, оңай әрі қызықты.



