Басты жаңалықтар
Саумал ішіп, тауда демал
Түлкібаста кәдімгі демалыс емес, саумалмен сауықтыратын ерекше туристік кешен салынып жатыр.

Табиғат, таза ауа, глэмпинг, киіз үй, аспалы көпір — бәрі бір жерде болмақ. Ең қызығы, бұл жердің басты “фишкасы” — саумал терапиясы.

Қазір құрылыстың 90%-ы біткен. Алғашқы қонақтарды биыл қабылдауы мүмкін. Айтпақшы, кешен ішінде VIP бөлмелерден бастап, тау бөктерімен серуендейтін арнайы жолға дейін қарастырылған екен.

Осындай демалыс орнына барып көрер ме едіңіз?



