Басты жаңалықтар

Инвесторлар мекені Түркістан

Облыс құрылған 8 жыл ішінде өңір экономикасына 7 трлн 570,8 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай инвестиция тарту, өндіріс ашу, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадамдар жасалып келеді.


Өңір басшылығы инвесторға есік ашып қана қоймай, жолын да түзеп отыр: жобаларды сүйемелдеу, инфрақұрылым тарту, бюрократияны азайту — бәрі қатар жүріп жатыр.

Сандар да соны айтады:

2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 1,7 трлн теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өскен. Ол кезде бар болғаны 314 млрд теңге еді.

Ал 2026 жылдың алғашқы бес айының өзінде-ақ 614,2 млрд теңге тартылған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 150%-дан да көп өсім.


Шетелдік инвестиция да жаман емес: 2025 қорытындысы бойынша
2 млрд АҚШ долларыдеңгейіне жетіп, жоспардан асып түскен.

Биыл ғана құны 369 млрд теңге болатын 67 жоба іске қосылмақ. Бұл дегеніміз — жаңа зауыттар, жаңа жұмыс орындары, жаңа өндіріс.


Ең қызығы, Түркістан енді тек тарихи-рухани орталық емес, біртіндеп ірі инвестициялық хабқа айналып келеді. “Turan” арнайы экономикалық аймағы, халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар — бәрі осының дәлелі.

Түркістанда қазір ақша, жоба, жоспар бар. Басты мақсат — қарқынды ұстап, өңірді өндіріс пен экспорттың нағыз орталығына айналдыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button