Басты жаңалықтар

Әскерге бармай-ақ әскери билет алуға болады

Қазақстанда әскерге бармаған азаматтарға арналған жаңа мүмкіндік пайда болды

Енді 24-27 жас аралығындағы азаматтар арнайы бағдарлама арқылы әскери мамандық меңгеріп, әскери билет ала алады.

Бағдарламаға әскери қызмет өтпеген, денсаулығына байланысты болмашы шектеулері бар және әскери қызметке жарамды азаматтар қабылданады. Өтініштер eGov порталы арқылы онлайн қабылданады.

Оқу барысында қатысушылар логистика, автокөлік пен бронды техникаларды жөндеу, автоэлектрика, дәнекерлеу, аспаздық және өзге де әскери-есептік мамандықтарды игереді. Сонымен қатар ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау бағдарламасы да енгізілген.

Бағдарламаны аяқтаған азаматтарға «қатардағы жауынгер» әскери атағы беріледі. Осыдан кейін олар мерзімді әскери қызметтен босатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button