Басты жаңалықтар

Түркістандағы шөл далада ақ киттер жүзеді

Қытайлықтар өңірде не тұрғызбақшы?

Түркістанда миллиардтарға Орта Азияда теңдесі жоқ алып мұхит әлемі салынуы мүмкін. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытайға жасаған сапарынан кейін өңірде Орталық Азиядағы ең ірі мұхит әлемі мен көпфункционалды ойын-сауық кешенін салу бойынша нақты жұмыстар басталып кетті. Қытайлық мәдени туризм алпауыты «Wuhan Chengye Cultural Tourism» компаниясымен жасалған келісім аясында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек қазіргі уақытта Қытайдағы туристік нысандарды аралап, жобаның техникалық мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.

Инвесторлар Түркістанда Қытайдың Цзинчжоу қаласындағы 500 мың шаршы метрді алып жатқан әйгілі «Мұхит әлемі» кешенінің аналогын тұрғызуды жоспарлауда. Онда теңіз хайуанаттары, сирек кездесетін ақ киттер, полярлық жануарлар аймағы, аквапарк, шытырман оқиғалар саябағы мен алып IMAX кинотеатрлары қамтылмақ. Бұған дейін Түркістан әкімдігі мен қытайлық компания арасында ресми меморандумға қол қойылған болатын, ал қазір тараптар құрылыстың басталу мерзімін талқылау үстінде.

Бұл алып жоба іске асқан жағдайда Түркістан тек тарихи орталық қана емес, аймақтағы ең ірі отбасылық демалыс ошағына айналып, өңірге миллиардтаған инвестиция мен мыңдаған жаңа жұмыс орнын әкеледі деп күтілуде.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button