Басты жаңалықтар

Бәріне ақша төленеді

Түркістан әкімі кімдердің қалтасына зейнетақы түсетінін айтты

Түркістан қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте белгілі болғандай, жыл басынан бері 2 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенованың айтуынша, қазіргі таңда қалада ауқымды жобалар іске асып жатыр. Оның ішінде «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы бойынша бес айлық жоспар 93 пайызғаорындалып үлгерген.

Ең бастысы, жұмысқа тұрған азаматтардың басым бөлігіне, нақтырақ айтсақ, 1 644 адамға міндетті зейнетақы жарналары үздіксіз аударылып жатыр. Бұл тұрғындардың жасырын емес, ресми әрі заңды түрде табыс тауып жатқанының дәлелі.

Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша да көрсеткіш жоғары: жоспар 103,9 пайызға артығымен орындалған.

Нәтижесінде, 900 адам қоғамдық жұмыстарға, 164 түлек «Жастар практикасына», 97 азаматәлеуметтік жұмыс орындарына, 71 зейнет алдындағы тұрғын «Күміс жас» жобасы аясында еңбекке араласқан.

Жиын соңында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бұл көрсеткішпен тоқтап қалмай, ұлттық жобалар аясында жаңа жұмыс орындарын құруды және еңбек шарттарының заңдылығын бақылауды күшейтуді қатаң тапсырды. Жоспар жүз пайыз орындалуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button