Басты жаңалықтар

Жазғы демалыста жұмыс істегің келе ме?

Енді оқушылар да ресми түрде жұмысқа орналаса алады.

Елімізде 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге заң аясында еңбек етуге мүмкіндік бар.

14-16 жастағылар күніне 4 сағаттан, ал 16-18 жастағылар күніне 6 сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Түнгі ауысым, ауыр жұмыс және денсаулыққа зиян қызмет түрлері кәмелетке толмағандарға рұқсат етілмейді.

Ал жұмыс іздеуді жеңілдету үшін Enbek.kz порталында «Менің жазғы демалысым» бөлімі ашылған. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам оқушы осы мүмкіндік арқылы ресми жұмысқа орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button