
Соңғы дерекке сүйенсек, елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтап, 75,97 жасқа жеткен.
Мұның басты себептерінің бірі – медицина саласындағы оң өзгерістер. Қазір скринингтер көбейіп, ауруларды ерте анықтау мүмкіндігі артып келеді. Нәтижесінде Қазақстан ДДСҰ белгілеген жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту көрсеткішіне де жоспарланған уақыттан бұрын қол жеткізген.
Демек, денсаулыққа көңіл бөлу мен сапалы медицинаның арқасында қазақстандықтардың өмір жасы ұзаруда.



