Басты жаңалықтар

Кентауда мың адам Әнұран айтып жаттығу жасады

Патриоттық рух пен спорттық серпін тоғысқан ерекше шара

Кентау қаласында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ынтымақ» алаңында ауқымды патриоттық-спорттық іс-шара өтті.


Шараға 500-ге жуық қала тұрғыны, жастар, спортшылар мен еріктілер қатысып, бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Бұл ел рәміздеріне деген құрмет пен бірліктің айқын көрінісіне айналды.

Мерекелік бағдарлама жалпыхалықтық таңғы жаттығумен жалғасты. Жаттығуды халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, әлем рекордтарының иегері Даурен Дәрібаев жүргізді.


Спортшы тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп, тұрақты жаттығудың денсаулыққа пайдасын атап өтті.


Іс-шараның басты мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың патриоттық рухын күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button