Басты жаңалықтар

Сайрам өнімі Қытайға жетті

Сайрамның табиғи шырындары Қытайға экспортталады

Сайрам ауданындағы «Korkem» брендімен танылған «Наурыз-5» кәсіпорны алғаш рет өз өнімдерін Қытай нарығына экспорттамақ.


Кәсіпорында табиғи шырын, тосап, томат пастасы және кетчуптың 60-қа жуық түрі өндіріледі. Жылдық қуаты – 2 400 тонна, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


Өнімдер жергілікті жеміс-жидек пен көкөністен дайындалып, химиялық қоспасыз шығарылады. Шетелдік серіктестер сайрамдық өнімнің табиғилығы мен дәмін жоғары бағалаған.

Жақын уақытта кәсіпорын Моңғолия және басқа да нарықтарға шығуды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button