
Сайрам ауданында тұрғындардың көптен бергі сұранысына сәйкес заманауи ойын-сауық кешенінің құрылысы басталмақ. Ауданда кинотеатр ашу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келген болатын.

Осыған байланысты Сайрам ауданы әкімдігінің бастамасымен инвесторлар тартылып, жаңа жобаны жүзеге асыру жұмыстары қолға алынды. Жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын кешен төрт қабаттан тұрады.

Жаңа нысанда заманауи кинотеатр, балаларға арналған ойын алаңдары, фуд-корт аймағы және сауда орындары орналасады. Кешен Әйтеке би ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының маңында салынады.



