
1 маусымнан бастап Қазақстанда жүргізушілер үшін маңызды маусымдық шектеу күшіне енді. Ережені елемегендер қомақты қаржылай жазаға тартылуы мүмкін.
Қандай шиналарға тыйым салынды?
Техникалық регламентке сәйкес, жаз айларында (маусым, шілде, тамыз) көлікке шегелі (шипы бар) қысқы дөңгелектерді тағып жүруге ресми түрде тыйым салынады. Бұл шектеудің негізгі себептері шегелі шиналар ыстық асфальтты бүлдіреді. Құрғақ әрі ыстық жолда қысқы шегелер тежеу уақытын ұзартып, қауіп төндіреді. Шегесі жоқ қысқы дөңгелектерге («липучка») және «барлық маусымға арналған» (всесезонные) шиналарға бұл тыйым жүрмейді. Бірақ мамандар қауіпсіздік үшін бәрібір жазғы резеңкеге ауысуды ұсынады.
Ереже бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?
Шегелі дөңгелекпен жүргендер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі (Техникалық талаптарға сай келмейтін көлікті пайдалану) бойынша жауапқа тартылады. Бірінші рет ереже бұзғанда 5 АЕК — 21,6 мың теңге айыппұл. Бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК — 86,5 мың теңге айыппұл.
Жүргізушілер не істеуі керек?
Егер көлігіңізде әлі де шегелі қысқы дөңгелек тұрса, айыппұлдан арқаңыз кеңіп, жол қауіпсіздігін сақтау үшін оны тез арада жазғы немесе төрт маусымдық шиналарға ауыстыруыңыз қажет.



