
Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында жылдар бойы шешімін таппай келген ауыз су мәселесі заң аясында нүкте қоюға жақын. «Рауан» ЖШС-нің су ұңғымасын жалға алу мерзімі аяқталып, сот шешімімен кәсіпорынның жерге қатысты құжаттары жойылды.
Бұған дейін ауыл халқын сумен қамтып келген жекеменшік компания санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін су пайдалану құқығынан айырылды. Әлеуметтік желіде «халық сусыз қалады» деген қауесет тарағанымен, аудан әкімі Арман Абдуллаев жағдайды өз бақылауына алды.

Енді 18 мың тұрғыны бар ауылды енді мемлекеттік «Сарыағаш Тұрмыс» мекемесі сумен қамтамасыз етеді. Су тапшылығын болдырмау үшін қосымша ұңғыма іске қосылды. Қор бәріне жетеді. Ал «Рауан» ЖШС-не тиісті су көлемі заңды тәртіппен беріледі, ешкімнің құқығы бұзылмайды.

Әкімдік желідегі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады. Барлық әрекет тек заң аясында жүріп жатыр, ал сот шешіміне қатысты шағымдар жоғары сатыларда қаралады.



