Басты жаңалықтар

Шардаралық түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Шардара ауданында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер қайырымдылық іс жасап, мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыс етті.

Шардара қаласындағы Шардара жалпы орта мектебінің 2006 жылғы түлектері (1988 жылы туған азаматтар) мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай, дәстүрлі басқосуды игі іске арнауды жөн көрген. Олар өзара қаражат жинап, баспанаға мұқтаж жанұяға үй алып берді.

Салтанатты шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратунов арнайы қатысып, түлектердің бұл қадамы тұтас қоғамға үлгі екенін атап өтті.

«Бүгінгі игі істеріңіз — бір әулетке ғана емес, тұтас қоғамға үлгі. Жомарттық — байлықпен емес, жүрекпен өлшенеді. Осындай ауызбіршілігі мықты, кеңпейілді азаматтар барда елдің бірлігі де, берекесі де арта береді», — деді Еркебұлан Қаратунов.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары игі іске ұйытқы болған жомарт азаматтарды аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сый-сияпат табыстады.

Өз кезегінде баспаналы болған отбасы мүшелері мен ауыл ақсақалдары мектеп түлектеріне шынайы алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button