Басты жаңалықтар

15 мамыр: Түркістанда жүргізушілерге маңызды ескерту жарияланд

Шымкент–Қызылорда бағыты уақытша басқа жолмен жүреді

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 15 мамыр күні бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қауіпсіздік шараларына байланысты қала аумағындағы кейбір бағыттар уақытша жабылып, транзиттік көліктер үшін жаңа қозғалыс сызбасы белгіленеді.

Жаңа бағыт бойынша көліктер мына көшелер арқылы өтеді:

Ш.Қалдаяқов көшесі, 40-көше, 9-көше, 36-көше, Әуежай тас жолы, С.Қожанов көшесі және Б.Шыныбеков көшесі.

Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен құқық қорғау органдарының талаптарын қатаң сақтау ескертіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button