Басты жаңалықтар

Ауылдан қашқан халық

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

«Елімізде халық азайып жатыр» дейтіндерге статистика нақты жауап берді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша Қазақстан халқы 20 547 909 адамға жеткен.

Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 48 мыңнан аса адамға көбейген. Бұл – өсім бар деген сөз. Бірақ қызығы, бұл өсім барлық өңірде бірдей емес.

Мысалы, халқы ең көп аймақтардың бірі – Түркістан облысында 2,1 миллионнан астам адам тұрады. Бірақ жыл басынан бері мұнда керісінше 2,5 мың адамға азайған. Ал Алматы қаласында халық саны керісінше өсіп, 10 мыңнан астам адамға артқан.

Миллионнан асқан өңірлер де жетерлік:
Астана, Алматы облысы, Шымкент, Жамбыл және Қарағанды облыстары – халық тығыз орналасқан аймақтар.

Ал ең аз халық тұратын өңірлер:
Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары.

Тағы бір маңызды тренд – урбанизация. Қазір 13 миллионнан астам қазақстандық қалада тұрады. Ал ауыл халқы керісінше азайып барады. Яғни, жұрттың бәрі қалаға көшіп жатыр.

Ал сіз қалай ойлайсыз, болашақта халықтың басым бөлігі қалада өмір сүре ме?

Басқа жаңалықтар

Back to top button