Басты жаңалықтар

Қазақстан вейпті ЖИ арқылы тексермек

«Ішінде не бар өзі?» — соңғы кезде вейп туралы ең көп қойылатын сұрақ осы. Себебі сыртынан қарасаң, кейбірі кәдімгі флешка, кейбірі ойыншық сияқты. Ал ішінде не барын бірден білу мүмкін емес.

Енді осыған қатысты Қазақстанда жаңа қадам жасалды. Тыйым салынған вейптерді анықтау үшін жаңа сот-сараптамалық тәсіл енгізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, мәселе — вейптердің күн сайын өзгеріп отыруында. Бір түрі бүгін бар болса, ертең мүлде басқа формада шығады. Сол үшін оларды тану да, тексеру де күрделенген.

Сондықтан енді «Е-Сараптама» жүйесі жаңарып, тек құрылғыны емес, оның ішіндегі сұйықтықтың құрамын, никотин мөлшерін, химиялық қоспаларын толық тексеруге көшіп жатыр. Бұған қоса, жасанды интеллект элементтері де енгізілуде.

Алдағы уақытта шамамен 200 сараптама әдісі қайта тексеріліп, жүйе толық цифрландырылмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдан бері вейпті әкелу, сату және таратуға ресми түрде тыйым салынған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button