Басты жаңалықтар
Енді шетелдік жиһаз керек емес
Бұл жаңалықты естісеңіздер, үйге жиһаз алғыларыңыз келіп кететіні анық.

Сауран ауданындағы Қарашық ауылында нағыз «Soft Line» атты жұмсақ жиһаз шығаратын заманауи кәсіпорын ашылды.

Кәсіпкер Дилшат Нуришев бұл іске 250 миллион теңге құйып, ауыл өндірісін жаңа деңгейге көтерді. Ең кереметі, ауылдың 30 азаматы қазірдің өзінде тұрақты жұмыспен қамтылды.

Енді шетелдің жиһазын күтпей-ақ, өзіміздің Сауранда жасалған сапалы диван-креслоларға қол жеткізуге болады.

Қысқасы, Қарашық ауылы тек егінмен емес, енді сапалы жиһаздарымен де танымал болмақ.


