Басты жаңалықтар

Көліктегі міндетті заттар: жоқ болса — қалтаң қағылады

Қазақстанда жолдағы тексеріс күшейді. Енді көлікте бір зат жетіспесе — айыппұл дайын.

Тәртіп сақшылары мен заңгерлер 2026 жылы әрбір көлікте болуы тиіс міндетті заттар тізімін тағы бір мәрте еске салады.

1. Аптечка — формалдылық емес
Көліктегі дәрі қобдишасы толық болуы тиіс:
– сутегі асқын тотығы (3%)
– бинт, салфетка
– жгут
– лейкопластырь
– қолғап пен қайшы

Жоқ болса — айыппұл.

2. Жилет — міндетті болды
Енді жарық шағылыстыратын жилетсіз көліктен түсу — қауіпті ғана емес, заң бұзу.
Ең бастысы: оны багажникке емес, қолжетімді жерге қой.

3. Өртсөндіргіш — мерзімін тексер!
Жеңіл көлікке — кемі 2 литр.
Мерзімі өтіп кеткен болса — жоқпен тең.

4. Полиция багажникті аша ала ма?
Жайдан-жай — ЖОҚ.
Хаттама, куәгер немесе видеофиксация керек.
Бірақ талаптарды сақтамаған болсаң — айыппұлдан құтыла алмайсың.

Айыппұл қанша?
ҚР ӘҚБтК 590-бап, 5-бөлік:
5 АЕК = 21 625 теңге

Есіңізде болсын: Бұл жабдықтар инспектор үшін емес, ең алдымен сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет!

Басқа жаңалықтар

Back to top button