Шегіртке шекараға жетті

Түркістан облысында шегірткеге қарсы жұмыстар күшейтілді. Қазіргі таңда 325 мың гектардан астам жер зерттеліп, оның 86 мың гектарында зиянкестердің қауіпті деңгейден асқаны анықталған.
Бүгінде 65 секторда 290 техника мен 74 су тасымалдаушы көлік жұмыс істеуде.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес пен Сарыағаш аудандарындағы шекаралық аймақтарды аралап, химиялық өңдеу жұмыстарын тексерді.
Келес ауданында:
— 351 маман жұмылдырылған
— 36 мың гектардан астам жер өңделген
Сарыағаш ауданында:
— 175 маман жұмыс істеуде
— 17 мың гектар алқап дәріленген

Мамандардың айтуынша, шекара маңындағы ахуал тұрақты. Қауіпті аймақтар арнайы штаб бақылауында.

Қосымша түрде жедел әрекет ету топтарын құру және техниканы толық қуатта іске қосу тапсырылды. Өңірде егістік алқаптарын қорғау жұмыстары күшейтіліп, жағдай жіті бақылауда.



