Басты жаңалықтар

Қытай нөмірлі көлікті Қазақстанда кімдер жүргізе алады?

Қазақстанда қытай нөмірлі көліктер көбейіп келеді, бірақ оны кез келген адам жүргізе алмайды. Заң бойынша мұндай көлік «халықаралық қозғалыс» режимінде ғана пайдаланылуы тиіс.

Бұл дегеніміз, көлік Қазақстанда тіркелмеуі керек және оны елге уақытша әкелген адам шетелде тұрақты тұруы қажет. Көлікті жүргізетін тұлға да Қазақстанда тұрақты тұрмайтын адам болуы тиіс. Яғни шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты жоқ адам ғана заңды түрде жүргізе алады.

Қазақстан азаматтарына да бұл мүмкіндік бар, бірақ бір шартпен — олар шетелде тұрақты тұруы керек. Мысалы, басқа елде резидент мәртебесі, визасы немесе тұруға рұқсаты болуы тиіс. Егер мұндай талаптар орындалмаса, қытай нөмірлі көлікті жүргізу заңсыз саналады.

Сонымен қатар мұндай көлікке міндетті сақтандыру рәсімделуі қажет. Бірақ халықаралық қозғалыс талаптарына сай келмейтін көлікке сақтандыру жасалмайды. Ал сақтандырусыз көлік жүргізуге Қазақстанда тыйым салынған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button