Басты жаңалықтар

Түркістанда бір күнде 2 мыңнан астам ағаш егілді

Түркістанда ауқымды экологиялық акция өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Акция барысында өңір басшысы табиғат жанашырларымен бірге көшет екті.

— «Таза Қазақстан» бір реттік шара емес. Ол күнделікті өмір салтына айналуы керек, — деді Нұралхан Көшеров.

Жаппай көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде бір күнде 1200 түп Қырым қарағайы және 1000 түп жапырақты ағаш отырғызылды. Жалпы саны 2200 ағаш егілді.

Көшеттер Түркістан қаласына кіреберістегі жасыл белдеуге отырғызылды. Болашақта бұл аумақ саялы баққа айналмақ.


Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, 2021–2025 жылдары облыс бойынша 3,6 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Ал 2026 жылы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 миллион түп ағаш егу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button