Басты жаңалықтар

Қазақстанның миллиардерлері

Бұлардың арасында Түркістан ең алда тұр. Басқалар шаңына ілесе алмай қалған.

Жыл басында елдегі инвестиция көлемі 3,5 трлн теңгеге жетіп, экономикада серпіліс байқалды. Бір қызығы, бұрынғы «фавориттер» емес, мүлдем басқа үш өңір капитал тартудан алдына жан салмай тұр. Ақша қай салаларға салынып жатыр және тізімде сіздің өңіріңіз бар ма?

Биыл инвестиция тартуда жаңа үздіктер шықты. Ақша құюға Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарына инвесторлар қатты қызығып отыр екен.

Тіпті республикалық өсімнің 6,4%-ын осы облыстар қамтамасыз етті. Қазір капитал шикізатқа емес, ауыл шаруашылығы, байланыс және электрмен жабдықтау салаларына белсенді бағытталып жатыр.

Сондай-ақ, тек ішкі инвестиция емес, сыртқы сауда да қарқынды. Жыл басынан бері тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, $21,7 миллиардты құрады.

Мұндай динамиканы сақтап қалу үшін Үкімет бақылауды күшейтпек. Енді министрлік кәсіпорындардың кез келген түйткілді мәселесін апта сайынғы жедел штабта қарап, бюрократиялық кедергілерді жедел түрде жойып отырмақ.

Сонымен, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау алға шықты. Жыл соңына дейін қай аймақ бұл рейтингті өзгерте алады деп ойлайсыз?

 

Photo: iStock

Басқа жаңалықтар

Back to top button