Парижде Эйфель мұнарасы бөлшегі аукционға қойылды

Франция астанасында Эйфель мұнарасының 1889 жылғы түпнұсқа баспалдағының фрагменті сатылымға шығарылады, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Биіктігі 2,5 метр болатын бұл нысан кезінде мұнараның екінші және үшінші деңгейлерін жалғаған. 1983 жылы бөлшектелген 24 бөліктің бірі саналатын лоттың бастапқы құны 40–50 мың еуроға бағаланып отыр. Қалпына келтірілген тарихи жәдігер 40 жыл бойы жеке коллекцияда сақталған.

Қазіргі уақытта 14 метрлік бір фрагмент мұнараның бірінші деңгейінде орналасқан, ал қалғандарын Орсе, Ла-Виллетт және Париждегі темір музейінен көруге болады. Қалған 20 бөлігі сатылып кеткен, бұл бөлшектер әлемнің әр түкпірінде — Диснейлендтен бастап Яманаси префектурасындағы жапон бақтарында орналасқан.
Мамандардың пікірінше, нысан биіктігі мен сақталу деңгейіне байланысты халықаралық деңгейдегі ірі коллекционерлер мен сәулетшілер тарапынан жоғары қызығушылық тудыруы мүмкін.



