Басты жаңалықтар
Көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар үшін 2025 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салады.

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі. Бұл ретте, былтыр қолданыста болған 3 932 теңге мөлшерінде АЕК қолданылады, деп хабарлады turkistanlife.kz
2 сәуірден бастап салық төлемі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептеледі. Ал 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Егер берешек сомасы 1 АЕК-ден асқан жағдайда борышкерге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жолданады. Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі.
Берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда азаматтың елден шығуы уақытша шектелуі мүмкін.



