Түркістанда гүл егу науқаны басталды

Түркістан қаласында абаттандыру және көріктендіру бағытындағы жұмыстар аясында көктемгі гүл егу науқаны басталды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жалпы жоспарға сәйкес, шаһар аумағында 2 миллионға жуық гүл отырғызу көзделген. Атап айтқанда, петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, сальвия, колеус және целлозия секілді гүл түрлері егілуде.

Гүл егу жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, туристік нысандар маңын және орталық көшелерді қамтиды. Атап айтқанда, Бекзат Саттарханов даңғылы, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтары, сондай-ақ Керуен сарай, Конгресс Холл, әкімшілік-іскерлік орталық, саябақтар мен гүлзарларда кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстар қала келбетін жақсартуға, туристер үшін қолайлы орта қалыптастыруға және экологиялық ахуалды оңалтуға бағытталған.


