Түркістан облысында мотошабандоздар референдумда дауыс берді

Түркістан облысы, Арыс қаласында мотошабандоздар республикалық референдумға қатысып, дауыс беру учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады,деп turkistanlife.kz
Белсенді азаматтар саяси науқанға атсалысып қана қоймай, аудан тұрғындарын да ел болашағына бейжай қарамай, референдумға қатысуға шақырды.
«Қазіргі қоғамда азаматтардың мемлекет өміріне қатысуы аса маңызды. Референдум – халықтың өз позициясын білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдерге ықпал етуіне мүмкіндік беретін демократиялық алаң. Әрбір адамның дауысы ортақ шешімнің бір бөлшегі болып саналады. Сол себепті мұндай маңызды саяси оқиғаларға белсенді қатысу – қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін көрсетеді. Азаматтардың белсенді ұстанымы мемлекет дамуының маңызды тіректерінің бірі саналады» — дейді қала тұрғыны Ерболат Жанықұлов.
Айта кетейік, Арыс қаласын бойынша 34 референдум учаскесі, 42 840 дауыс беруші бар. Жалпы референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97 %-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.



