Сарыағаштағы референдум халықаралық байқаушы назарында

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына көршілес мемлекеттен халықаралық байқаушы келді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Сапардың басты мақсаты республикалық референдумның ашықтығын, әділдігін және халықаралық стандарттарға сай өтуін қадағалау. Халықаралық сарапшы аудан аумағындағы бірқатар дауыс беру учаскелерін аралап, ұйымдастыру жұмыстарымен жеке танысты. Сарыағаш ауданы бойынша барлығы 82 референдум учаскесі үзіліссіз жұмыс істеп тұр.

Халықаралық мейман референдумның ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын және азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруіне ешқандай кедергі жоқ екенін атап өтті. Аудан тұрғындары саяси науқанға жоғары дайындықпен келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді көрсетуде.
Сарыағаш ауданындағы дауыс беру процесі тұрақты жағдайда, заң бұзушылықтарсыз өтіп жатыр. Халықаралық байқаушылар күні бойы жұмысын жалғастырып, қорытынды есептерін ұсынатын болады.



