Басты жаңалықтар

Референдум: Түркістан облысында дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жеңімпазы өз таңдауын жасады

Арыс қаласының мақтанышы, белгілі спортшы, V Көшпенділер ойынының жеңімпазы Азамат Мақұлбеков республика көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси шара – Конституциялық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Спортшы қоғамның белсенді мүшесі ретінде елдің болашағына қатысты шешімдерден шет қалмау азаматтық борышы екенін атап өтті. Оның бұл қадамы спортшылардың тек жарыстарда ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болуға шақыратынын көрсетеді. Бұл азаматтық белсенділік жастар мен басқа спортшыларға үлгі болары сөзсіз.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беруге құқылы, бұл өңір халқының 55,4%-ына тең.

Басқа жаңалықтар

Back to top button