Басты жаңалықтар

Бокстан ел құрамасының спортшылары референдумда өз таңдауын жасады

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Дайындық барысында ұлттық құрама мүшелері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Спортшылар Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы №760 учаскеге келіп, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық құрама мүшелері мемлекет тағдырына қатысты шешім қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды екенін атап өтті. Олар референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санап, ел болашағына жауапкершілікпен қарағандарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button